Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильм

Баишев университеті, Білім берудің жоғарғы мектебі, Педагогика және психология кафедрасы, «Педагогика және психология» мамандығы 402 тобының кураторы аға оқытушы Комарова Д.Т. ұйымдастыруымен 27-қараша күні 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильмді зум платформасы арқылы тамашалап, студенттер мен бірге талқылау жүргізілді. Студенттер фильм туралы өз ойларымен бөлісіп ғана коймай,  Елбасына өлең      жолдарын да арнады.Тәрбие сағаты барысында «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті Шегебай Нұрай «Елін сүйген, елі сүйген-елбасы» атты баяндамасын оқыды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бала жолынан, дара жолға, яғни Елбасы деңгейіне дейінгі қиында, қызықты өмір жолы баяндалды. Елін сүйген- Елбасының, елі сүйер-елбасыға айналары осыдан көрінеді. Тұңғыш Президентіміз тұлға, өмір жолы өскелең ұрпақ үшін тағылым, болашақ ұрпаққа тарих.  Елбасының халыққа арналған жолдауларын, еңбектерін, ел болашағына жасаған ерен еңбегін мақтанышпен жеткізді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев – елді жаңғырту идеяларын жүзеге асыруға ұмтылған заманауи саясаткер, жаңа бағыттағы Көсем.  Тәрбие сағаттың соңында қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.