[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

«Тәрбиелі жас – парасатты азамат» республикалық форум

15 сәуір Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тәрбиелі жас – парасатты азамат» республикалық форумы өтті. Оған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, аталған ведомствоның вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, отандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, жастар ұйымдарының өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – студенттер арасында парасаттылық құндылықтарын қалыптастырудың ерекшеліктерін, жастарды белсенді қоғамдық өмірге тартудың жолдарын және университеттердегі тәрбие жұмысының жүзеге асырылуын талқылау.

Жиынға қатысушылар университеттердегі білім беру саясаты, ЖОО жанындағы студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысы, студенттік кәсіпкерлікті дамыту, жоғары оқу орындарында спорт лигаларын құру тәрізді тақырыптарды талқылады.

Форум барысында студенттер жастардың қоғамдағы рөлі туралы өз ойларын ортаға салып, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын айтты. Жиналғандардың пікірін тыңдаған министр студенттер мен оқытушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.