Кәсіптік практика кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Баишев Университетінің білім алушыларының кәсіптік практикасы академиялық күнтізбеге сәйкес жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі және мазмұны жұмыс оқу жоспарларымен және практика бағдарламаларымен айқындалады.
Баишев Университеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы нормативтік – құқықтық актілерге, Баишев университетінің Жарғысына, Баишев университетінің 2020-2024 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес СМЖ Е 201.12-2021 «Білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру туралы» (06.06.2021), СМЖ ӘН 201.01-2021 «Практика қорытындылары бойынша есептерді жазуға, ресімдеуге және қорғауға қойылатын жалпы талаптар» әзірлеп, бекітті. Ереже университеттің сапа менеджменті жүйесі құжаттамасының жиынтығына кіреді.
Білім алушыларды практикаға жіберу үшін білім беру бағдарламасы мен академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде басшылыққа мынадай құжаттар алынады:
Ұйымдастыру конференциясында келесі мәселелер қарастырылады::
Практика бағдарламаларын кафедралар ББ бейінін, кәсіпорынның, мекеменің, практика объектісі-ұйымның сипатын ескере отырып әзірлейді және оны ОӘЖ жөніндегі проректор бекітеді.
Баишев университетінде білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Біз туралы
Университет миссиясы
Қазақстанды инновациялық бағытта дамыту үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мамандарды дайындау
© 2021 Барлық құқықтар қорғалған