Баишев Университеті

Баишев Университеті

БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

 

Құрметті Баишев университетінің түлектері!

     Біз өз тарихында ондаған мың жоғары білікті мамандар даярлаған Баишев Университетінің атынан Сіздерді қарсы алуға қуаныштымыз. Бұл түлектердің барлығы бүгінде республикамыздың барлық салаларында табысты жұмыс істеуде.

Баишев Университеті түлектерінің қауымдастығы біздің жоғары оқу орнымыздың дамуына өз үлесін қосады және айтарлықтай ықпал етеді деп үміттенеміз. Біз қауымдастық көмегімен түлектер мен ЖОО арасында берік байланыс орнату міндетін қойып отырмыз.

Түлектер Қауымдастығының негізгі мақсаты:

– университеттің жетекші отандық және шетелдік оқу орындарының деңгейіне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім, ғылым және мәдениет орталығы ретінде дамуына жәрдемдесу, түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, олардың мансаптық өсуін бақылау.

Түлектер қауымдастығының міндеттері:

  • – ұлттық, әлеуметтік, тілдік ерекшеліктеріне қарамастан жастардың тең құқықтылығын қамтамасыз ету;
  • – бітіруші курс студенттерінің практикадан өту орындарын қамтамасыз етуге жәрдемдесу ;
  • – университеттің білім беру сапасы, білім беру технологиялары, ғылыми зерттеулер нәтижелері саласындағы жетістіктерін насихаттау;
  • – түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша деректер банкін құруға жәрдемдесу;
  • – университет түлектеріне мүдделі кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар туралы мәліметтер банкін құруға ықпал ету;
  • – түлектер жәрмеңкесін ұйымдастыруға және өткізуге көмек;
  • – мамандарға қажеттілікті анықтау мақсатында Облыстың еңбек нарығының маркетингтік зерттеулерін жүзеге асыруға жәрдемдесу;
  • – тұтынушыны (жұмыс берушіні) бакалаврлар мен магистранттардың бейіні, ғылыми-практикалық бағыты және даярлау сапасы туралы хабардар ету;
  • – университет түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
  • – жастардың ұжымдық және жеке кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту;
  • – әртүрлі жастар ұйымдарымен (республикалық, облыстық, қалалық ауқымдағы), сондай-ақ басқа да ведомстволармен байланыс жасау;
  • – облыс және республика деңгейінде университеттің рөлін көтеру;
  • – түлектердің көмегімен университеттің ғылым, білім, инновациялық базасын дамыту саласындағы жаңа мүмкіндіктерді анықтау;
  • -университетке әлеуметтік және экономикалық қолдау көрсету, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін Қауымдастық мүшелерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін біріктіру және ұйымдастыру;
  • – түлектер арасындағы іскерлік және жеке қарым-қатынастарды дамыту ;
  • – түлектердің университеттің қоғамдық іс-шараларына қатысуын ұйымдастыру, түлектермен бірлесіп іс-шаралар , дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акцияларын өткізу

Баишев Университетінің Түлектер қауымдастығына кіру тәртібі:

Баишев университетінің, оның ішінде магистратураның, азаматтығы мен орналасқан жеріне қарамастан екінші білім беру түлегі қауымдастық мүшесі бола алады.

Қауымдастық мүшесі болу үшін тіркеуден өту керек .

Тіркелгеннен кейін түлектер қауымдастығына кірушіге Түлектер Қауымдастығының қызметі және олар қатыса алатын университетте өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат жіберіледі. Түлектер қауымдастығының мүшелері түлектер қауымдастығы жұмысының нәтижелілігін арттыруға бағытталған өз ұсыныстарын енгізуге, олардың қызметінде өтеусіз демеушілік, қаржылық және материалдық көмек көрсетуге құқылы. 

  • 030000, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 302 А
  • Тел.: +7 (7132) , 974083
  • e-mail: info@bu.edu.kz