Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Тіл тағдыры – ұлт тағдыры»

2020 жылдың 7 қыркүйек күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне және Қазақстан Республикасы Тілдер күніне орай «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн әдеби-танымдық шара ұйымдастырылды. Кештің кіріспе сөзін алған Білім берудің Жоғары мектебі деканы Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы А.Байтұрсынов тұлғасына тоқталып, осы ойды жалғастырған кафедра меңгерушісі Исина Жаннұр Амангелдіқызы студенттерге сәттілік тіледі. Шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-4-курс студенттері белсене қатысты.