Трансұлттық білім беру – бұл шынайы мүмкіндік – Баишев Университет
[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Трансұлттық білім беру – бұл шынайы мүмкіндік

Ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 25 мамыры аралығында Going Global Partnerships бағдарламасы атты трансұлттық білім беру (TNE) саласындағы гранттық қаржыландыру аясында Линкольн университетімен (Линкольн, Ұлыбритания) және ҚОХУ-мен (Ақтөбе, Қазақстан) серіктестікте трансұлттық білім беруді дамытуға қатысты тақырыптарда бірқатар семинарлар ұйымдастырылды.

Семинарлар барысында тыңдаушылар Линкольн университетінің ғылым докторлары мен қызметкерлерінің дәрістерін тыңдауға мүмкіндік алды. Семирар барысында университеттердің әлеуметтік жауапкершілігі, білім беру бойынша серіктестіктерді басқару (KTP’s), жоғары білім берудегі көшбасшылық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар гранттық өтінімдерді дайындаумен, Линкольн университетінде оқу платформаларын пайдаланумен және ана тілі болып табылмайтын шетелдіктер үшін ағылшын тілін үйрену мүмкіндіктерімен танысты. Осы мәселелерді талқылауға тыңдаушылар белсенді қатысты.