Баишев Университеті

Баишев Университеті

«С.З. Зимановтың өмірі мен сіңірген еңбегі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Баишев университетінің Құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы академиктің 100 жылдығына арналған «С.З. Зимановтың өмірі мен сіңірген еңбегі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына университет басшылығы толық құрамда қатысты, дөңгелек үстелге заң ғылымы саласының танымал ғалым заңгерлері қонақ ретінде қатысты. Аль-Фараби атандағы ҚазМҰУ-нің профессоры заң ғылымдарының докторы Ибраева А.С., ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры  Байкенжеев Ахылбек Спандиярович., Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Құқық» кафедрасының кафедра мең­герушісі заң ғылымдарының кандидаты, қауымдас­ты­рылған профессоры

Куандык Бакытжан Журсинович қатысып өздерінің мазмұнды баяндамаларымен, көркем естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ жергілікті ғалым-заңгерлерде өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бөлісіп ұлы тұлғаны болашақ ұрпаққа таныту керек екендігін, ол кісінің еліне, жеріне, мемлекетіне жасаған қызметінің шексіз екендігін атап айтты. Көшбасшы, тұлға, ұлы адам екендігін әркез дәріптеп жүруіміз керек. Заңғар тұлғаның еліміздің өркендеуіне қосқан үлесін ешқашан ұмытпаймыз. Елі үшін туып, елі үшін өмір сүрген адал азаматтың ғылыми-зерттеу жұмыстары ғылымға қосқан үлесі еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтті.