С. Бәйішев атындағы АУ поляк тілінің курстары үшін үміткерлерді қабылдайтынын жариялайды!

Халықаралық байланыстар және академиялық мобильділік бөлімі Ақтөбе поляктарының «Святло» этно-мәдени бірлестігімен бірлесе отырып, поляк тілінің тегін курстарына үміткерлерді қабылдайтынын жариялайды.

Поляк тілін білу поляктың жоғары оқу орындарымен бірлесіп, халықаралық академиялық мобильділік пен екі дипломдық білім берудің түрлі жобаларына және бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді.

Барлық сұрақтар бойынша С. Бәйішев атындағы АУ-нің Халықаралық байланыстар және академиялық мобильділік бөліміне жолығыңыз, 423-ші каб.