Баишев Университеті

Баишев Университеті

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру

       6 қазан күні сағат 15:00 де Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен  ZOOM платформасында кездесу өтті. Шара барысында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты Миров Мұхтар Орынбасарұлына сөз беріліп, Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында студенттермен пікір алмасты. Кураторлар кеңесінің төрайымы, педагогика ғылымдарының магистры, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Комарова Динара Тұрсынқанқызы топ старосталарымен танысып, алдағы уақытта бірлесе отырып А.Құнанбаевтың 175 жылдығы, Әл-Фарабидың 1150 жылдығы т.б. атаулы шараларға белсене қатысуға шақырды. Инженерия жоғары мектебінің кураторы, педагогика ғылымдарының магистры, «Ақпараттық-коммуникациялық технололгиялар» кафедрасының аға оқытушысы Имангазина Назерке Әбидулаевна, білім берудің жоғары мектебінің студенттік сенаторы «педагогика және психология» мамандығының 3-курс білім алушысы Сара Дәуренқызы Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын әрі қарай жандандыруға тың идеяларын ұсынды.