Баишев Университеті

Баишев Университеті

Студенттердің практикасы қашықтықтан өтуде

    2020 жылдың 6 қарашасында «Ауыл шаруашылығы және экология» кафедрасында онлайн форматта ZOOM платформасында Эко-401 күндізгі оқу нысанының «5В060800 – Экология» мамандығының 4 курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша ұйымдастыру конференциясы өтті. «Бизнес және құқық» ЖМ бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес 2020-2021 оқу жылының 16 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында Эко-401 тобының студенттері педагогикалық практиканы жалпы білім беретін мектептерде қашықтықтан өтеді. Елдегі карантиндік жағдайларға байланысты басқа қаладан келген студенттер практикадан тұрғылықты жері бойынша өтеді.

11

Он-лайн конференцияға кафедра меңгерушісінің м.а. б.ғ. к. а. т. Бақтығалиева, педагогикалық практика жетекшісі аға оқытушы А. Б. Қожабергенова, кафедраның ПОҚ және Эко-401 тобының студенттері қатысты.

Педагогикалық практика жетекшісі «Ауыл шаруашылығы және экология» кафедрасының аға оқытушысы А. Б. Кожабергенова қатысушыларды 04.11.2020 ж. № 356 «Педагогикалық практикадан өту туралы» бұйрықпен таныстырды. Есепт құжаттарының тізбесі мен талаптарына және оны тапсыру мерзімдерін қатаң сақтауға ерекше назар аударылды.

Студенттер педагогикалық практика бағдарламасымен, оның міндеттерімен, мазмұнымен, күнтізбелік кестесімен, студент-практиканттардың құқықтары мен міндеттерімен, практика күнделігін уақтылы толтырумен, практиканы қорытындылау рәсімімен: сараланған сынақты өткізу тәртібімен, қорытынды конференцияны өткізу нысанымен, педагогикалық практика нәтижелері бойынша студенттердің білімі мен құзыреттерін бағалау өлшемшарттарымен танысты.

Басқа қаладан келген 10 студент тұрғылықты жері бойынша, 4 студент Ақтөбе қаласының мектептерінде педагогикалық практикадан өтеді. Кафедра меңгерушісінің м.а. б.ғ. к. а. т. Бақтығалиева карантин кезіндегі қауіпсіздік шаралары, тиісті құжаттарды рәсімдеу кезінде ережелерді сақтау туралы әңгіме өткізді.

Практикадан өту кезінде студенттер практикалық жағдайларда оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларымен, оқыту әдістері мен тәсілдерімен таныса алады, сабақ жоспарларын құрастыра алады, іс жүзінде сабақтар өткізе алады.

Конференция соңында кафедра ПОҚ студент-практиканттарға сабақты өз бетінше дайындауға және өткізуге табыс тіледі.