Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Сапалы жетістіктерге бірге жетеміз» атты білім саласында сапаны қамтамасыз ету департтаменттегі білім бөлімдерінің кезекті күндері өткізілуі туралы

2021 жылы 10 наурызда Баишев  университетінің біліктілікті арттыру институтының қызметкерлері кіретін Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің  Консультативтік кеңесінің сараптамалық жиналысында Ақтөбе қаласының білім бөлімінің есеп беру презентациясы ұсынылды.

Ақтөбе облысы бойынша білім басқармасының бастығы Жолдас Нұрланұлы Батырхан Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінде Қалалық білім бөлімінің шығармашылығын талқылау есеп беруіне  қатысып, өзінің талдауын берді.  Ақтөбе қаласының білім бөлімінің басшысы Сүлейменов Саян Сапарұлы 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік даму бағдарламасын іске асыру туралы статистикалық ақпаратты ұсынды, проблемалық мәселелер, мұғалімдерге  деген қажеттілік, мамандыққа сәйкес келмейтін ұстаздарды кәсіби қайта даярлауды өткізу керектігі  туралы айтты.

Орыс тілінде оқытылатын қалалық мектептерде бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті және математика мұғалімдері қажет. Консультативтік кеңесі жоспарларды жүзеге асыруда және қалалық білім беру ұйымының мақсаттарына жетуде ескертулер мен ұсыныстар енгізді.