27 қаңтарда сағат 17:00-де Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен университетіміздің жатақханасында «Санитарлық нормаларды сақтау» тақырыбында Баишев медклиникасының дәрігерлерімен кездесу өтті Кездесуге университетіміздің жатақхана коменданты және жатақханада тұратын білім алушылар қатысты.
Кездесудің мақсаты – санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, білім алушылардың жатақханада тұруы тәртібі бойынша ақпаратпен жатақхана тұрғындарын қамтамасыз ету және оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды қатаң сақтау.