«Рухани жаңғыру» орталығы

     Баишев университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүйелі де сапалы түрде жүзеге асырылуы үшін 2018   жылы «Рухани жаңғыру» орталығы құрылды.  
     Орталықта басшы- ф.ғ.к., доцент Мухтар Орынбасарұлы Миров, бас ғылыми қызыметкер ф.ғ.д., педагогика ғылымдары академиясының академигі Жұбаназар Асанов, ғылыми қызыметкер магистр Рамазанова Жайнагүл Қосшықызы, ғылыми қызыметкер магистр  Есентүгел Азиев қызымет етеді.

«Рухани жаңғыру» орталығының басшысы – ф.ғ.к., доцент Мухтар Орынбасарұлы Миров

Орталықтың мақсаты: – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында,  елдің руханиятын, қоғамдық сананы жаңғырту.

Міндеттері:

  1.   Тарих тұнбаларын  насихаттау, ұлттық құндылықтарымыздың бәсін арттыру;
  2.   Қоғамдық сананы жаңғырту, қандастарымызға тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау;
  3.   Жастардың   санасын жаңғыртып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу; 
  4.   «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғам руханиятының деңгейін арттыру мен біліктілік, білімділік деңгейін арттыру; 
  5.   Ұлы даладағы қалыптасқан сананың ашықтығы мен ой еркіндігін қалыптастыру;     
  6.   Ғаламданудағы бәсекелестікте ұлттық кодымызды сақтай отырып жаңғыруды көздейді.

     Орталық қызмет еткен  уақыттың ішінде көптеген игіліктер жүзеге асты. Атап айтсақ, Ұлы даланың Ұлы тұлғаларын ұлықтау, еліміздегі киелі орындар насихаттау, белсенді әрі білімді азаматтардың еңбегін ұлықтау,  үздік әдеби туындыларды түрік  тіліне түпнұсқадан тәржімалау, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау  бағытындағы жұмыстар.