Баишев Университеті

Баишев Университеті

Профессор-оқытушылар құрамын профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы және кафедра меңгерушісі лауазымдарына конкурстық орналастыру отырысы

Баишев Университетінде 2020 жылдың 8-9 қазан күні профессор-оқытушылар құрамын профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы және кафедра меңгерушісі лауазымдарына конкурстық орналастыру туралы комиссия отырысы болып өтті. Конкурстық комиссия отырысы 2 күнге созылды. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына конкурстық орналасу жайында конкурстық комиссия құрамы жасақталған болатын: комиссия төрағасы – ректор м.а., Ташмухамбетов Б.Г., төраға орынбасары – ОӘЖ проректорының м.а. Утеулиева Д.Т., хатшы – ғалым хатшы, Ермекбаева Г.Г., мүшелері: ҒжХБ проректоры Лыгина О.И., ӘжТЖЖ проректоры м.а. Миров М.О., инженерия жоғары мектебінің деканы Абдуллаев Х.Т., білім берудің жоғары мектебі деканы Дуйсенбаев А.К., бизнес және құқық жоғары мектебінің деканы Балгинова К.М., ҚҚБҚжҚЖЖД директоры Акбаров Г.С., ғылым және инновация бөлімінің басшысы Уразгалиева М.А. Комиссия құрамы аталған кандидатураларды бағалау парақтары бойынша саралап, талқылау жасады.