Баишев Университеті

Баишев Университеті

Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде

      Байшев университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі  Комарова Д.Т.   «Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында сұрақ-жауап, интерактивті әдістер, рефлексия, миға шабуыл, жағдаяттарды талдау, пікір-талас, тренинг жүргізілді. Ұйымдастыру сәті «Жанында жақын жан отырсын» жаттығуы, «Ассоциограмма әдісі» Тони Бузон әдістемесі (суретті табу) қолданылды. Ашық сабаққа студенттер белсенділікпен қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізді. Кафедрадан Миралиева А.Ж.,  Туребаева Б.З., Токжанова А.М., Сұлтан Ж.И., қатысып, талдау парағын жазып, сабақты талдап берді. Ашық сабақ өз мақсатына жетті.