Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру бағдарламаларын дамыту басқармасы

    Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру бағдарламаларын дамыту басқармасы университет Президентінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 01-Ө бұйрығы негізінде қайта құрылған Баишев Университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. ОӘҚжББД басқармасының қызметі Университет Жарғысы және Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру бағдарламаларын дамыту басқармасы туралы Ереже негізінде жүзеге асырылады. 

Директоры  – Бодыкова Ирина Наватовнапедагогика ғылымдарының кандидаты
Ағайынды Жұбановтар көшесі 302а
Тел:+77132974081 ішкі. 836
irina_bn75@mail.ru 

Директордың орынбасары – Сартабанова Асем Абдимуратовна, техника ғылымдарының магистрі
Ағайынды Жұбановтар көшесі 302а
Тел:+77132974081 ішкі. 836
a.sartabanova@ausb.kz 

  • Аға әдіскер  –  Жумагалиева Жадра Сакимжановна 
  • Аға әдіскер   – Курманова Лазиза Қойлыбаевна 
  • Әдіскер – Жанзакова Камшат Исатаевна 

ОӘҚжББД басқармасының мақсаттары мен міндеттері: 

  1. –          университетте оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  2. –          оқу үдерісіне жаңа білім беру технологияларын, оқыту әдістерін, құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  3. –          ұлттық, салалық біліктілік шеңберін және қолданыстағы кәсіби стандарттарды ескеріп, құзыреттілік тәсілдеме негізінде білім беру бағдарламаларын жобалау, әзірлеу және жетілдіру бойынша университет бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
  4. –          Баишев Университетінің мақсаты, миссиясына сәйкес университеттің даму стратегиясын жүзеге асыру 

ОӘҚжББД басқармасы қызметінің негізгі бағыттары: 

  1. –          Университеттің білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік құжаттарды – жұмыс оқу жоспарларын, элективті пәндер каталогтарын, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін, пәндердің оқу және жұмыс оқу бағдарламаларын (силлабустарды) және т. б. әзірлеу, сараптау және бекітуге дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  2. –          Білім алушылардың білімін ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау үшін білім беру бағдарламаларының оқу пәндері бойынша бақылау-өлшеу материалдарын дайындауды және қолдануды ұйымдастыру;
  3. –          Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы дайындаған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспа арқылы шығару жоспарын іске асыру;
  4. –          Оқу үдерісін жетілдіруге және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әралуан формаларын жоспарлау және іске асыру;
  5. –          Оқу үдерісіне жаңа білім беру технологияларын, оқыту әдістерін, құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  6. –          «Жас оқытушы мектебінің» жұмыс жоспарын, кестесін дайындау және оны іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  7. –          Жоғары мектеп оқу-әдістемелік комиссияларының және кафедралардың әдістемелік секцияларының жұмысын үйлестіру;
  8. –          Ұлттық, салалық біліктілік шеңбері және қолданыстағы кәсіби стандарттар негізінде университеттің білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сараптау және бекітуге дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  9. –          Кәсіби қызметке талдау жүргізу және білім беру бағдарламасының түлегі құзыреттерінің моделін анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру (ұлттық, салалық біліктілік шеңбері, қолданыстағы кәсіби стандарттар негізінде, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескеріп);
  10. –          Кәсіби құзыреттерді және болашақ мамандарға еңбек нарығының біліктілік талаптарын ескеріп, оқыту нәтижелерін жасақтау бойынша университет бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
  11. –          Білім беру бағдарламаларының даму жоспарын жүзеге асыру бойынша университет бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.