ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

     Педагогика және психология кафедрасы оқу пәндерін кешенді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады: оқулықтарды, оқу құралдарын дайындау, оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу бойынша оқу-әдістемелік материалдарды, сондай-ақ оқытудың неғұрлым тиімді тәсілдері мен әдістерін пайдалануды қарастыратын басқа да нұсқаулар мен құралдарды әзірлейді. Әдістемелік тәсілдердің  ұтымды үйлесімі мен оқытудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану, жас  оқытушыларға педагогикалық шеберлікті меңгеруге көмек көрсету жұмысын жүргізеді. Кафедрада оқу-әдістемелік семинар жұмыс жасайды, оның негізгі мақсаты білім беру үрдісін дамыту мен қалыптастыру міндеттерін шешу, педагогикалық біліктілік деңгейін, педагогикалық шеберлікті және ПОҚ қызметінің тиімділігін жоғарылату, жас мамандарға көмек көрсету болып табылады.
     Кафедра ғылыми-әдістемелік семинарларды ұйымдастырып, өткізумен айналысады. Әдістемелік семинар отырыстарында педагогикалық және кәсіби тәжірибе, ақпарат және білім алмасу оқытушыларға студенттерді оқытуда жаңа тәсілдерді табысты қолдануға көмектеседі. Кафедраның оқу жұмысында оның дамуының барлық кезеңдерінде студенттердің психологиялық-педагогикалық жұмысқа теориялық және практикалық дайындығы бірінші орынды иеленді.
     Барлық оқу пәндері бойынша кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік кешендер дайындап, басылып шығарылды және оқу процесінде қолданылуда.
     Университетте біліктілігін арттыратын тыңдаушыларға және студенттерге  жоғары кәсіби, әдістемелік деңгейде сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ, кафедра оқытушылары Алматы, жақын және алыс шетелдердегі жоғары оқу орындарының оқытушыларымен тәжірибе алмасып, үздіксіз білім беру курстарынан өтіп отырады.
      Курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптары жыл сайын жаңарып, кафедра отырыстарында бекітіледі. Бұл студенттерге әлеуметтік-педагогикалық маңызы бар ғылыми мәселелерді дамытуға баса назар аударуға мүмкіндік береді.
      Оқу процесінде  оқытудың заманауи формалары, әдістемелері, әдістері мен технологиялары қолданылады. Кафедраның ең белсенді оқытушылары іскер ойындар, нақты жағдайларды талдау әдісі, тестілеу және медиа-ақпараттық технологияларды қолданады.
      Кафедрада оқу процесінің тиімділігін жоғарылату мақсатында жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Оларға оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, оқу процесін компьютерлендіру, міндеттерді орындау, қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану кіреді.