Баишев Университеті

Баишев Университеті

Оқу-әдістемелік жұмыс

Баишев Университеті мекемесінің  «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында оқу орнының миссиясына сәйкес және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын бакалавриатта 3  білім беру бағдарламасы  бойынша заман талабына сай мамандар дайындайды:

  1. 6В06121 – Ақпараттық жүйелер,
  2. 6В06111– Информатика
  3. 6В06131-«Ақпараттық жүйелерді математикалық қамтамасыз ету және басқару»

     Барлық білім алушылар үшін Жалпы білім беру пәндері мен ЖОО пәндерінен білім беріледі. Кафедрада 16 профессор-оқытушылар құрамы жұмыс жасайды: 6 ғылым кандидаты және 7 магистр, 1 аспирант, 1 қосқызметте және 1 жұмыс беруші. Барлық ПОҚ жыл сайын біліктілік арттыру курстарына қатысады, басқа ЖОО-мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде тәжірибе алмасады. 6В06121 – Ақпараттық жүйелер, 6В06111– Информатика, 6В06131-«Ақпараттық жүйелерді математикалық қамтамасыз ету және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша барлығы 153 білім алушы білім алады: оның ішінде күндізгі бөлім, қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша және жоғары оқу орнынан кейінгі білім негізінде.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы 2020-2021 оқу жылының қыркүйек айында Университет құрылымдық бөлімдерінің және Ғылыми кеңес жоспарына сәйкес құрылды және жоспар негізінде жүзеге асырылып келеді.

Кафедра отырысының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік семинарының жоспары бар. 6В06121 – Ақпараттық жүйелер, 6В06111– Информатика,  6В06131-«Ақпараттық жүйелерді математикалық қамтамасыз ету және басқару» білім беру бағдарламалары бойынша модульдік білім беру бағдарламалары, элективті пәндер катологы жасақталды.

Кафедраның  оқу-әдістемелік жұмысының  мақсаты  мен  міндеттері:

1.Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

  1. Оқу үрдісінің инновациялық технологияларын, әдістерін, түрлерін жетілдіру және жаңа технологияларды даярлау, енгізу;
  2. Оқытушылардың  шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, білім беретін қызметкерлердің біліктілігін көтеру және кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық  ұжымның ғылыми-әдістемелік потенциалын жетілдіру.
  3. Кафедраның имиджін көтеру мақсатында, мемлекеттік заңның талаптарына сәйкес, білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Кафедраның   профессор-оқытушылар құрамы университет ұйымдастырған барлық іс-шараларға белсене қатысады.

Өзара сабаққа қатысу және ашық сабақтар кестесі әзірленді және бекітілді. Оқу үдерісі қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіледі. Дәріс залдары мен аудиториялар интерактивті тақталармен және мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған.

Кафедраның ПОҚ Заманауи педагогикалық технологиялар мен оқытудың жаңа әдістерін, сондай-ақ білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің құралдарын енгізуге үлкен көңіл бөледі, ол үшін кафедрада үнемі жұмыс істейтін әдістемелік семинар жұмыс істейді, оның отырыстарында сұрақтар талқыланады және тиісті шешімдер қабылданады. Кафедрада оқу процесінің тиімділігін жоғарылату мақсатында жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Оларға оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, оқу процесін компьютерлендіру, міндеттерді орындау, қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану кіреді.

Барлық оқу пәндері бойынша кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік кешендер дайындап, оқу-әдістемелік әдебиеттер басылып шығарылды және оқу процесінде қолданылуда. Курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптары жыл сайын жаңарып, кафедра отырыстарында бекітіледі. Бұл білім алушыларға дамып келе жатырған жаңа заманауи цифрлық технологиялардың  маңызы бар ғылыми мәселелерді дамытуға баса назар аударуға мүмкіндік береді.

Кафедра күндізгі және қашықтықтан оқитын білім алушылармен оқу-әдістемелік жұмыс жүргізеді. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Жыл сайын өтетін «Үздік әдістемелік жоба» байқауына «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасынана профессор-оқытушылар құрамы қатысып, жылда жүлделі орындарға ие болып келеді.