[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Отыз жылдық орда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отыз жылдық орда» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Аудан әкімдігінің қолдауымен Мәдениет үйі ұйымдастырған айтысқа ақындар, халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі Оралбай Кометия, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Талғат Тілеулес, композитор, әнші, ҚР мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір қазылық етті.

Сөз сайысының нәтижесінде бірінші орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі Наурызалина Злиқа иеленді.