Баишев Университеті

Баишев Университеті

Білім алушылар жыр мектебінде

2021 жылдың 16 наурызы күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Дала музыкасы мен фольклорының мың жылы» жобасының негізінде облыс әкімінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылық орталығы ұйымдыстыруымен өткізілген «Ер Едіге» жыр мектебінің ашылу салатанатын тамашалады. Шараға Ер Едіге мұраларын зерттеп жүрген айтулы ғалымдар мен жыршы жыраулар қатысты. «Ер Едіге» эпосы және тарихи тұлға, Едіге биді зерттеп, үлкен еңбек сіңіріп жүрген университетіміздің профессоры Жұманазар Асанұлы эпос құндылығы және халқымыздың жыраулық дәстүрі жайында сөз сөйледі. «Рухани жаңғыру» орталығының ғылыми қызметкері Есентүгел Әзи арнау-жыр орындап, ақтөбеліктерге жылы лебізін білдірді.