Баишев Университеті

Баишев Университеті

Онлайн форматтағы ұйымдастыру конференциясы

Баишев Университетінің 4-курс білім алушыларының кәсіптік практикасының ұйымдастыру конференцияларын өткізу кестесіне сәйкес Білім берудің жоғары мектебінде ұйымдастыру конференциялары өткізілді. Оған Білім берудің жоғары мектебінің деканы п.ғ.к., доцент А. К. Дүйсенбаев, кафедра меңгерушілері –  Сейтенова С. С., Исина Ж.А., Туржанова Г. Н., практика жетекшілері , практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Танатова Р. К. қатысты.

 

Студенттер алдағы тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерімен танысты, педагогикалық және дипломалды практикадан сапалы өту бойынша кеңестер берілді, практикадан өту кезінде білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларды сақтау қажеттілігі түсіндірілді.