Баишев Университеті

Баишев Университеті

Онлайн форматтағы «мансап апталығы-2021»

2021 жылдың 28 сәуірінде Баишев Университетінде «Мансап апталығы-2021» бағдарламасы аясында онлайн форматта жұмыс берушілер мен түлектер кездесуінің үшінші күні өтті. «Мансап апталығының» жұмысына белсенді қатысушылар:

    1. Нұрыбаев Еркін Амантайұлы – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
    2. Бисембаева Гүлзабира Жұмабайқызы – Ақтөбе қаласы «Халықты жұмыспен қамту орталығының» жетекші маманы ;
    3. Ембергенов Әнуар Әжіғалиұлы – «Гидроэкоресурс» ЖШС директоры;
    4. Масабаева Айнур Нагиевна – «Ветеринарлық санитарлық сараптама Ақтөбе» ЖШС директоры;
    5. Абдуллина Венера Серікбайқызы – Ақтөбе облысы полиция департаментінің подполковнигі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші;
    6. Балпеисова Светлана Асылгереевна – нотариус, Ақтөбе облысы бойынша «Медиаторлар кеңесі» ҚБ басшысы;
    7. Нысаналин Жақсылық Жоламанұлы – полиция подполковнигі, Ақтөбе облысы ПД кадр жұмысы басқармасының бастығы;
    8. Орынбасарова Рита Елтайқызы – Ақтөбе облыстық Экология департаменті, экологиялық реттеу бөлімі;
    9. Есенғалиев Данияр Қуанышқалиұлы – Ақтөбе ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы.

«Мансап апталығы-2021» үшінші күніне қатысушылар өз сөздерінде бос жұмыс орындары туралы айтып, жас мамандарға өз тілектері мен талаптарын білдірді.

«Халықты жұмыспен қамту орталығынан» келген қонақ Бисембаева Гүлзабира Жұмабайқызы университет түлектеріне үлкен мүмкіндік беретін жастар тәжірибесі және «Бизнес бастау» жобасы туралы айтып берді .

Ақтөбе облысы полиция департаментінің мамандары жас заңгерлерді ішкі істер ұйымдарына  жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы баяндады .

«Медиаторлар кеңесі» ҚБ басшысы Балпеисова Светлана Асылгереевна болашақ заңгерлерді жанжалға қатысушы тараптар процесін үшінші тараптың қатысуымен оңтайландырудан тұратын арнайы қызмет түрі ретінде медиацияның мүмкіндіктері туралы таныстырды.

Баишев Университетінің «Мансап апталығының» үшінші күні осылай жемісті өтті. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз және жоғары білікті мамандарды даярлау ісінде әлеуметтік әріптестермен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Біз өз  түлектерімізге дипломдық жұмысты қорғауда сәттілік және болашақта жұмысқа орналасуды тілейміз. Баишев университетінің Мансап орталығы ұйымдастырған Мансап апталығы олар үшін жұмыс іздеудің бастапқы алаңына айналады деп санаймыз.

Әрбір түлек тиімді жұмысқа орналасу мақсатында өзінің түйіндемесін Мансап орталығына (328 кабинет) тапсыруды  сұраймыз.