Баишев Университеті

Баишев Университеті

Онлайн форматтағы «мансап апталығы-2021»

2021 жылдың 27 сәуірінде Баишев Университетінде «Мансап апталығы-2021»  бағдарламасы аясында онлайн форматта жұмыс берушілер мен түлектердің кездесуі өтті. Ұйымдастырушы- Баишев университеті Мансап орталығы.

Ташмухамбетов Бауыржан Галихановичтың құттықтау сөзімен ашылған онлайн кездесу барысында  түлектер мен жұмыс берушілер арасында қызу диалог орын алды. Мансап апталығының екінші күніне қатысушылар мекемелеріндегі бос жұмыс орындары туралы айтып, жас мамандарға өз тілектері мен талаптарын білдірді. «Мансап апталығының» жұмысына белсенді қатысушылар :

    1. Тайшекенов Олжас Бекболатұлы-«Транстелеком» АҚ Ақтөбе филиалы;
    2. Утеуова Жанар Еркінқызы – «Қазақтелеком» АҚ HR-департаментінің бастығы;
    3. Дорофеева Марина Григорьевна – «Қазхром» ТҰК АҚ Ақтөбе ферроқосындылар зауытының HR-қызметі АктЗФ әлеуетін дамыту жөніндегі үйлестіруші;
    4. Бакишева Күләш Орынбайқызы – «Класс» ательесінің директоры;
    5. Омарова Гүлжан Нұрсейітқызы – «АйШоРа» ательесінің директоры;
    6. Айтеекев Нұржігіт Тағырбергенұлы – «КМК-Мұнай» АҚ;
    7. Төлегенова Әсел Бақыткерейқызы – «ҚТЖ» ҰК Ақтөбе байланыс дистанциясының персонал жөніндегі бас менеджері.

«Қазхром» ТҰК «АҚ HR-қызметінің АЗФ әлеуетін дамыту жөніндегі үйлестірушісі М. Г. Дорофеева бос орындар мен жас мамандарға қойылатын талаптар жалы презентация ұсынды.

«Қазақтелеком» АҚ HR-департаментінің бастығы Утеуова Жанар Еркінқызы университет түлектеріне үлкен мүмкіндік беретін «ПРОТЕЛЕКОМ» тағылымдама бағдарламасы туралы айтып берді.

«ҚМК Мұнай» АҚ атынан Айтеев Нұржігіт Тағдырбергенұлы Ақтөбе облысы аумағындағы үш кен орнының жұмысы туралы баяндады;

Барлық жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы, жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлерге қойылатын талаптар, әлеуметтік пакеттер және көптеген қызықты ақпарат туралы айтты. «Мансап апталығының» екінші күні осылай өтті. Барлық қатысушыларға өз алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда аталған іс-шаралар жалғасын табады деп сенім білдіреміз.

Жүктеуге арналған материалдар