Баишев Университеті

Баишев Университеті

Онлайн форматтағы «Мансап апталығы-2021»

2021 жылдың 26 сәуірінде Баишев Университеті «Мансап апталығы-2021» бағдарламасына сәйкес онлайн форматта «Білім беру» бағытының жұмыс берушілері мен түлектерінің кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – Баишев университетінің түлектерін жұмысқа тиімді орналастыруға жәрдемдесу, оларға цифрлық бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс берушілермен танысуға, НR-мамандардың кеңестері бойынша өз түйіндемелерін түзетуге, мансаптық шеберлік сабақтарына қатысуға, мансап құрудың құпияларын білуге мүмкіндік беру. Ұйымдастырушы Баишев Университеті Мансап орталығы.

Іс-шараны ректор Ташмухамбетов Бауыржан Галиханович құттықтау сөзбен ашты. Онлайн кездесу барысында жұмыс берушілер мен Баишев Университеті ұжымы мен бітіруші түлектер арасында қызу диалог өтті.

«Мансап апталығы-2021» бірінші күніне қатысушылар өз сөздерінде білім беру мекемелеріндегі бос жұмыс орындары туралы айтып, жас мамандарға өз тілектері мен талаптарын білдірді.

 «Мансап апталығының» бірінші күнінің жұмысына белсенді қатысқандар :

      1. Жолмағамбетова Сандигул Орынбайқызы-Ақтөбе облысының білім басқармасы, персоналды басқару және педагогикалық кадрлармен жұмыс бөлімінің жетекші маманы;
      2. Жұмабаев Қайрат Саматұлы-AQBOBEK INTERNATIONAL SCHOOL ЖШС директоры (Ақтөбе қаласы);
      3. Құлдан Шамшырақ Сисенбіқызы – «Бөлтірік» МДҰ меңгерушісі, Ақтөбе қаласы;
      4. Қожаева Гүлнар Сағитжанқызы-Ақтөбе қаласы «Бопай» МДҰ меңгерушісі;
      5. Биманов Аян Төребекұлы – Ақтөбе қаласы №1 ОМ КММ директоры;
      6. Ержан Бақытбек Диханбайұлы-Ақтөбе қаласы №35 ОМ КММ директоры;
      7. Наримбетова Гульнара Мухангалиевна-Ақтөбе қаласы №23 ОМЛ КММ директоры;
      8. Жамекова Бибігүл Мұстафақызы – Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
      9. Құралай Шүршінова – №64 орта мектеп КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтөбе қаласы.
      10. Абдурашитова Зухра – «Новый Вавилон» аударма агенттігінің басшысы

   Кездесу соңында қатысушылар үшін «Педагогика және психология» кафедрасы «Үйлесімді қарым – қатынас-табыс кепілі» тақырыбында тренинг өткізді. Баишев университеті ұйымдастырған «Мансап апталығының» 1-ші күні осылай өтті. Барлық қатысушыларға өз алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда аталған іс-шаралар жалғасын табады деп сенім білдіреміз.