Баишев Университеті

Баишев Университеті

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Дайындық бағыты   Инженерия және инженерлік іс.

Білім беру бағдарламасы   Мұнай-газ өнеркәсібіндегі технологиялық процестерді автоматтандыру (Автоматтандыру және басқару ).

БББ мақсаты Кәсіби қызметте жаңа білімді қолдануға қабілетті объектілерді басқару мен бақылаудың автоматтандырылған және автоматты жүйелері саласында жоғары білікті мамандар даярлау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері

  1. Ауызша және жазбаша сөйлеуді ақылға қонымды және нақты қалыптастыруға, кәсіби мәтіндерді, соның ішінде шет тілінде (тілдерінде) құру.
  2. Жаратылыстану ғылымдары, математикалық талдау және модельдеу әдістерін қолдана отырып, ақпараттық технологияларды кәсіптік қызметте қолдану.
  3. Стандартты компьютерлік жобалау және зерттеу пакеттерінің негізінде процестер мен объектілердің математикалық модельдеуін пайдалануға дайындау.
  4. Жартылай өткізгіш аспаптар жұмысының физикалық негіздерін, олардың сипаттамаларын,Электр тізбектерінің негізгі түсініктері, тұрақты ток тізбектерін, бір және үшфазалы синусоидалды электр тізбектерін сипаттайтын теңдеулерді құрай білу және түсіну.
  5. Қазіргі заманғы бағдарламалық-аппраттық құралдар негізінде басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жобалау мен әзірлеу, қазіргі заманғы бағдарламалық кешендердің көмегімен технологиялық процестерді бағдарламалау мен визуализациялауды орындау және білу.
  6. Өнеркәсіптік желілерді ұйымдастыру әдістерін білу және меңгеру, қазіргі заманғы интерфейстер мен деректерді беру хаттамаларының негізінде автоматтандыру құралдары арасында желілерді құру.
  7. Өлшеу техникасының құралдары мен жүйелерінің көмегімен физикалық шамаларды өлшеуді орындаудың қазіргі заманғы әдістері мен әдістерін білу және қолдану, өлшеу нәтижелерін бағалау және өңдеу, алынған деректерді дұрыс түсіндіру, нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу.
  8. Автоматты реттеу және басқару жүйелерін талдау мен синтездеудің математикалық моделдеуінің қазіргі әдістерін білу және түсіну.
  9. Өмір циклінің барлық кезеңдерінде басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің өндірісін бақылауды жүргізу, яғни жобалаудың, монтаждың, іске қосудың,сүйемелдеудің және басқарудың автоматтандырылған жүйелерін пайдаланудың барлық кезеңдерін білу. 
  10. Мұнай және газ өнеркәсібіндегі негізгі технологиялық процестерді түсіну және білу, басқарудың және реттеудің автоматтандырылған және автоматты жүйелерін әзірлеу кезінде автоматтандыру объектілері ретінде олардың ерекшеліктерін ажырату.
  11. Мұнай және газ өнеркәсібіндегі технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған және автоматты жүйелерін ,мұнай мен газды тасымалдау, өңдеу және мұнай-газ өнеркәсібіндегі объектілерді пайдалану кезеңінде процестердің ерекшелігін ескере отырып, әзірлеуді түсіну және орындай білу.