Баишев Университеті

Баишев Университеті

Білім беру бағдарламасы

6В07211 – «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бакалавриат түлегіне техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

6В07211 – «Мұнай-газ ісі» мамандығының «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» бағыты бойынша білім алатын түлектері келесі лауазымдарда жұмыс істей алады: 

– инженер (I, II, III санаттар бойынша);

– мұнай және газ өндіру шебері, операторы;

– қаттық қысымды ұстап тұру цехы учаскесінің шебері;

– мұнай мен газды дайындау және айдау цехының шебері;

– ұңғымаларды зерттеу операторы;

– бас құрылыстардың зертханашысы;

– жобалау институтының, жобалау-конструкторлық ұйымдарының маманы, лаборанты, технигі.

«Құрлықта және теңізде мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және жөндеу» бағыты бойынша білім алатын 6В07211 – «Мұнай-газ ісі» мамандығының түлектері келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:

– бұрғылау қондырғысының шебері;

– бұрғылаушы;

– ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу шеберінің көмекшісі.

Бұл мамандықтың түлектері мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаумен, өндірумен, өнеркәсіптік және зауыттық дайындаумен, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау және сақтаумен тікелей айналысатын кәсіпорындарда табысты жұмыс істейді.