«Мен елімнің патриотымын!»

     Білім берудің жоғары мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Мен елімнің патриотымын!» (ҚТмӘ 101, кураторы аға оқытушы, магистр Ертазина С.С., ҚТмӘ 201, кураторы ф.ғ.к., доцент Аманғазиева М.Қ., ҚТмӘ 202, кураторы магистр Төреханова Г.М.) және «Ерлік – ұрпаққа мұра» (ҚТмӘ 302, кураторы Ертазина С.С.) тақырыптарында кураторлық сағаттар өткізді. Сабақ мақсаты – студенттерді патриотизмге баулу, бейбіт күннің қадірін білуге тәрбиелеу болды. Сабақ барысында тақырыпқа сәйкес роликтер тыңдалып, рухты өлеңдер оқылды.