Баишев Университеті

Баишев Университеті

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындарының білім беру қызметін цифрландыру және перспективалары

Баишев Университетінің 25 жылдығына арналған 12 сәуір ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған ғылыми апталығы аясында Құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасынды    «Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындарының білім беру қызметін цифрландыру және перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы, полиция майоры  Балымов Ерлан Куанышевич, Құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы ПО құрамы,  құқықтану мамандығының 1-2 ші курс студенттері қатысты. Белсенді қатысқан оқытушылар мен студенттер алғыс хатпен марапатталды.