Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Мемлекеттік қызметшілердің мансабын басқару» пәнінен ашық сабақ өткізілді.

      2020жылдың 11 қарашасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 401 тобына «Мемлекеттік қызметшілердің мансабын басқару» пәнінен ашық сабақ өткізілді. Пән оқытушысы аға оқытушы, магистр Калмагамбетова С.Р. «Мемлекеттік қызметті өткеру және қызметтік мансап» тақырыбында студенттер презентация жасап, ойын түрлерін ұйымдастырып сабаққа өте жоғары деңгейде дайындалғанын көрсете білді. Ашық сабаққа Оқу-әдістемелік  қамтамасыз ету және білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімінің аға әдіскері Жубантаева Ж.К., э.ғ.к., доцент Б.М.Шукурова, э.ғ.к., доцент М.Ғ.Қайырғалиева, аға оқытушы, магистр Д.Б.Кубанова, аға оқытушы, магистр Н.Т.Сейткалиева қатысты.