Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Мемлекеттік сатып алу туралы істерді қараудың тәжірибесі және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі өзгерістер»

        2020 жылдың 02 қазанында ZOOM платформасында онлайн-режимде мамандандырылған экономикалық сот пен Құқық және жалпы білім беру пәндер кафедрасы арасындағы меморандум аясында 3-4 курс студенттеріне «Мемлекеттік сатып алу бойынша азаматтық істерді қараудың тәжірибесі және Қазақстан Республикасының АІЖК-не өзгерістер енгізу» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскер ретінде Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Жұбатова Жанар Суюбайқызы сөз сөйледі. Дәрістің мақсаты: мамандандырылған ауданаралық шаруашылық сотында Мемлекеттік сатып алу туралы істерді қараудың ерекшеліктері мен проблемаларын қарастыру. Аудандық және шаруашылық соттар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату қағидаларын соттылық қағидаларымен тану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен таныстыру.