Мемлекеттік "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы туралы

Оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесіне ие болу үшін мемлекет алтыайлық жастар тәжірибесін өтуді көздейді. 

Диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (аудан) әкімдігіндегі жұмыспен қамту орталығына барады. Жұмыспен қамту орталығы аталмыш мамандардың бірыңғай базасын қалыптастырады және жұмыс беруші компаниялардың арасындағы дипломдық бағыт бойынша бағдарламалардың қатысушыларын бөледі. 

Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР еңбек заңнамасы бойынша еңбек шарттарына сәйкес анықталады. 
Жастар тәжірибесіне бағытталған бағдарламаларға қатысушылардың ай сайынғы төлемі 18 айлық есептік көрсеткіштерді (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмағае еңбек демалысы үшін өтемақылар және банк қызметтерін шегерусіз) құрайды. 

Егер жұмыс беруші тәжірибе кезінде сізді өз компаниясы үшін сай келеді деп таныса – ол сізді тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы. Жас маман үшін бұл нұсқа неғұрлым қолданылымды, осыған қарамастан тәжірибеде өзіңді және өзіңнің кәсіби дағдыларыңды көрсету қажет екендігін естен шығармаңыз. 
Бағдарлама алынған мамандық бойынша түлектердің бастапқы жұмыс тәжірибесін арнайы алуына арналған. 

Бағдарламаға қатысу үшін түлекке мыналар қажет: 

— Өз қалаңыздың немесе ауданыңыздың әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына жүгіну.

— Жұмыссыз ретінде тіркелу (жасы 29-дан артық емес). 

Құжаттарды беру:

— жеке куәлік; 

— диплом;

— үй кітапшасы немесе мекенжай парағы;

— зейнетақы қорынан шарт;

— Халық банкінен ағымдық дербес шот;

— денсаулық жағдайы туралы анықтама ф.086-У. 

Бұдан басқа «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында кәсіби білім беру орындарының базасы қалыптасады және «Жастар еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы құрылады.