Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру жүйесінде психологиялық, педагогикалық әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне арналған қашықтықтан оқыту біліктілік курсы жалғасуда

2021 ж.наурыздың 09-19 аралығында кадрлар біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау институты  мектепке дейінгі  ұйымдарының тәрбиешілеріне  80 академиялық сағат көлемінде курс ұйымдастырды. Курска Алға, Хромтау және Ақтөбе қаласының  мектепке дейінгі балабақша тәрбиешілері, әдіскерлері тіркелді.

Курс мақсаты:

Педагогтармен  жүргізілетін психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жұмыстар әдістемесімен біліп, сонымен қатар қазіргі заманғы әртүрлі әлеуметтік деңгейдегі отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық әдістерді меңгеру, білім берудің дәстүрлі және инновациялық технологияларымен танысу; білім беру ұйымында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру; отбасымен жүргізілетін әлеуметтік- педагогикалық, психологиялық жұмыс әдістемесі мен технологиясымен танысу;

Білім беру ұйымында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жұмыстарды жүргізуді менгереді; әртүрлі категориядағы отбасымен  әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жұмыс істеу дағдысын,  сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық қызметкерлермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жұмыстардың әдіс-тәсілдерін меңгереді. 

Тыңдаушылар қорытынды аттестациядан өтіп,курс соңында 80 академиялық сағат көлемінде   сертификатқа ие болады