6B01111 – Педагогика и психология
Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл, күндізгі дистанциондық – 3 жыл.
Академиялық дәреже: білім бакалавры
Педагогика және психология бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің саласы білім беру мекемелері (мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру институттары, білім департаменттері) болып табылады.
Педагогика және психология бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің аумағына білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесін жобалау, тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім берудің дамытушы және түзетуші бағдарламаларын әзірлеу жатады.
6B01111-Педагогика және психология мамандығы бойынша БББ-ның жалпы мақсаттары:
6B01111 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавр кәсіптік іс-әрекеттің келесі түрлерін орындай алады:
Түлектің кәсіби іс-әрекетінің міндеттері:
6В010211 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Оқыту мерзімі: күндізгі – 4 жыл, күндізгі, қашықтықтан – 3 жыл.
Академиялық біліктілігі: білім бакалавр
Мамандық түлектерінің кәсіптік іс-әрекетінің саласы – білім беру саласы: сәби, мектепке дейінгі және мектепалды дайындық топтарындағы балаларды мектепке дейін тәрбиелеудің және оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық минимумының талаптарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, қалыптастыру.
Бітіруші түлектердің кәсіптік қызмет объектісі: мектепке дейінгі білім беру жүйесі, мектепке дейінгі ұйым, шағын орталықтар, педагогикалық колледж, білімді басқару департаменті, білім жетілдіру институты.
6В010211 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының жалпы мақсаты: бакалавр дайындығының мақсаты кәсіби, гуманистік және аксиологиялық құраушыларына негізделген, еңбек нарығында сұранысқа ие, таңдаған еңбек саласына тән құзыреттіліктерін меңгерген, өз интеллектуалдық, кәсіби потенциалын толық ашуға ұмтылатын, қоғамдық даму мен оның әлеуметтік және мәдени жағынан дамуына саналы түрде атсалысатын маман дайындау.
Түлектің кәсіптік іс-әрекетінің түрлері
6В010211 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының түлектері кәсіптік іс-әрекеттің келесі түрлерін орындай алады:
6B01311-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Оқу мерзімі: күндізгі-4 жыл, қашықтықтан – 3 жыл.
Академиялық дәрежесі: білім бакалавры
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалаврының кәсіби қызмет саласы білім беру мекемелері (жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары, білім департаменттері) болып табылады.
6В01311 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелерінде әдістемелік жұмыс болып табылады.
Білім беру бағдарламасының жалпы мақсаттарын дайындау бағыты – 6B01311 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі: мамандық бойынша бакалаврларды даярлау мақсаты айқын кәсіби, гуманистік және аксиологиялық құрамдас бөліктері бар және еңбек нарығында сұранысқа ие, өздері таңдаған қызмет саласында толық құзыреттілікке ие, өзінің интеллектуалдық, кәсіби және ерік әлеуетін толық ашуға ұмтылатын және қоғамдық дамудың жалпы бағытына, сондай-ақ оның әлеуметтік және мәдени өмірінің түрлі нысандарына саналы қатынасымен ерекшеленетін жаңа үлгідегі кадрларды даярлау болып табылады.
6B01311 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кәсіби қызметінің пәні жалпы білім беретін мектептердің бірінші сатысындағы педагогикалық үдерісті ұйымдастыру жағдайында Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту тұжырымдамасының талаптарын және білім беру мекемелерінде әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері:
6В01311-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының бакалаврлары келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады::
Бітірушінің кәсіби қызметінің міндеттері:
+7 (7132) 97 40 83
info@bu.edu.kz
© 2021 Барлық құқықтар қорғалған
© Баишев Университеті, 2021
Қазақстан, Ақтобе, Ағайынды Жубановтар көшесі, 302а