Баишев Университеті

Баишев Университеті

Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы

Баишев Университетінің 2 курс магистранттары білім беру мекемелерімен шарттар шеңберінде кеңес алу және ғылыми материал жинау мақсатында 29 наурыз – 9 сәуір аралығында   қашықтықтан оқыту форматында  Ресей Федерациясының М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінен, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінен және Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтынан, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінен, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Тұран – Астана» университетінен, Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінен  ғылыми тағылымдамадан өтті.

«7М01731 Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының білім алушылары » Концептуально-методологические основы модернизации современного иноязычного образования » атты оқу курсы аясында М. Акмулла атындағы БМПУ доценті (Уфа қ., РФ), п.ғ.к., А. А. Головчунның дәрісін тыңдады.

Ғылыми тағылымдама барысында 7М01711 Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының  2 курс магистранттары профессор, ф.ғ.д. Дәдебайұлы Жанғара «Қазақ әдебиеттануы және абайтанудың өзекті мәселелері», профессор, ф.ғ.д. Ысқақұлы Дандай  «Қазақ әдебиеті тарихы мен сыны мәселелері», профессор ф.ғ.к. Мұсалы Ләйла Жұматайқызы «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымы – рухани қазына, профессор ф.ғ.к. Әбдіқұлова Раушан Мәмиқызы «Көркем мәтін және зерттеу мәселелері» тақырыптарындағы  дәрістерді тыңдап, ғылыми деңгейлерін көтеріп, берілген тапсырмалармен жұмыстанды.

   «Тұран – Астана» университетінің  «Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасының меңгерушісі  э.ғ.к., Г.К.Бекбусинова және кафедра доценті, э.ғ.к. Б.М.Искаков «Инновациялық технологиялар жүйесін қолдану негізінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбында 7М04111 Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттарына семинар-сабақ жүргізіп, магистерлік диссертация жазу туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Тағылымдама нәтижесінде магистранттарға 72 сағаттық сертификаттар табысталды.