Баишев Университеті

Баишев Университеті

Көңілді тапқырлар клубы

Көңілді тапқырлар клубы (бұдан әрі – КТК) – жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, төзімділікті, шығармашылық әлеуетті, актерлік ойынды дамытуды жүзеге асыратын білім алушылардың ерікті бірлестігі.

КТК мақсаттары мен міндеттері:

  • Жастар КТК қозғалысын дамыту және қолдау;
  • Жастар саясатын іске асыру;
  • Жастарды белсенді саяси және қоғамдық өмірге тарту;
  • КТК қозғалысын насихаттау және КТК жергілікті командаларын қазақстандық және халықаралық деңгейге көтеру;
  • Жастар ортасында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, әлеуметтік-жауапты мінез-құлық дағдылары, сондай-ақ гуманизм құндылықтары мен салауатты өмір салтын насихаттау.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешіледі:

  • Белсенді көркемдік-эстетикалық қызмет түрлері арқылы жастардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру;
  • КТК қатысушыларының шығармашылық қарым-қатынас ортасын құру;
  • Жастарға патриоттық тәрбие беру;
  • Оқу орындары мен студенттік ұжымдар арасындағы достық байланыстарды кеңейту;
  • КТК және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға тарту үшін ең белсенді және креативті тұлғаларды анықтау;

КТК қызметінің бағыттары

  • КТК ойындарында өнер көрсетуге дайындық;
  • Университет командасының әр түрлі деңгейдегі КТК сайыстарына тұрақты қатысуы;
  • Университеттің мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, оның ішінде мемлекеттік және Ұлттық мерекелер кезінде қатысу;
  • КТК ойындарына қатысу үшін кіші курс студенттерін дайындау және оқыту, жас ауысымды тәрбиелеу.
  • Ұйым мүшелері-жасөспірімдер үшін өз біліктері мен дағдыларын пайдалану және қабілеттерін басқа адамдарға пайда келтіру арқылы өзін-өзі жүзеге асыру жағдайларын жасау;