Кітапхананы қолдану ережелері

Бекітемін
С. Бәйішев ат. АУ ректоры
Агзамова А. Б.__________

Кітапхананы қолдану ережелері

Жалпы ережелер

Университет кітапханасы оқу және ғылыми үрдісті әдебиет және ақпаратпен қамтамасыз ететін университеттің басты құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Кітапхана өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР Білім туралы Заңнамасын, университет Жарғысын, кітапхана ісі бойынша құжаттарды басшылыққа алады. Кітапхананы қолдану құқығы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамға, магистранттарға, студенттерге және қызметкерлеріне беріледі.

Кітапханаға қолданушыларды жазу университетке қабылдау тізіміне сәйкес жеке куәлікті көрсету арқылы; профессорлық-оқытушылық құрам қызметкерлері кадрлар бөлімінен анықтама көрсету арқылы жүргізіледі. Қолданушыларға 3х4 см суреті бар оқырман билеті беріледі.

Кітапхана оқырманына қағаздық және электрондық тасығыштардағы кітаптар, баспа басылымдары және басқа да бар материалдар беріледі. Оқырманға әдебиет таңдауға жан жақты көмек көрсетіледі. Кітапхана жыл сайын оқырмандарды қайта тіркейді. Тіркеу барысында оқу жылының аяғында Оқырман формулярында тіркелген барлық құжаттарды тапсыру қажет. Оқырман билеттерін ұзартпаған қолданушыларға қызмет көрсетілмейді.

Міндеттер

Кез келген қорға кең қолжетімділік негізінде ақпараттық сұранысқа сәйкес университет студенттеріне, оқытушыларға, аспиранттарға, докторанттарға, ғылыми қызметкерлерге, және өзге категориялы оқырмандарға толықтай, тез және үнемді кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.

Қазіргі заманғы саяси және экономикалық ойлауға, жұмыстың басқарушылық және ұйымдастырушылық қаабілетіне ие жоғары білікті, ынталы мамандарды даярлауға университеттің ықпал етуі. Университет бағытына және оқырмандар қажеттілігіне сәйкес қор құр; ақпарат тасығыштардың жаңа түрлерін қолдану.

Ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, кітапты, кітапхананы епті қолдануға бейімдеу. Жаңа технологиялық режимдегі жұмыс үшін оқырмандарды даярлаудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру.

Абонемент пен оқу залын қолдану ережелері

– Оқу залында (түнгі оқу залында да) қызмет көрсету студенттерге – оқырман билеті арқылы, ал оқытушылар мен қызметкерлерге – қызметтік  куәлігі  бойынша жүргізіледі;

– Кітап беру үрдісі пайдаланушының алған әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюы арқылы жүргізіледі;

– Оқу залына жеке және басқа кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен, баспа басылымдарымен кіруге болмайды;

– Кітап парағын жыртуға, залда дайындалып отырған басқа пайдаланушыларға кедергі жасауға және шулауға болмайды;

– Әдебиеттерді тек оқу залында ғана пайдалануға болады. Кітапты алып шығуға тыйым салынады;

– Осы Ережені бұзған жағдайда пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталық әкімшілігі бекіткен мерзімге сай кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады;

– Сирек кітаптар, диссертациялар, авторефераттар тек Ғылыми оқу залдарында  ғана беріледі;

– Электронды оқу залдары жедел ақпарат беру мен кітапханалық-ақпараттық  қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, пайдаланушыларға меншікті және толық мәтінді иемденген электронды ақпараттық ресурстарға қолжеткізу мүмкіндігін береді;

Пайдаланушылар  құқығы

– Кітапханалық-ақпараттық орталықтың барлық пайдаланушылары өзінің қызығушылығы мен талабына орай кітапхана бөлімдерін таңдауға құқылы;

– Пайдаланушылар екі тілде – мемлекеттік не орыс тілінде қызмет көрсетуді талап етуге құқылы;

– Пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталықтың негізгі қызметтерін ақысыз пайдалануға құқылы;

– Ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда Кітапханалық-ақпараттық орталық тарапынан ақыл-кеңес алуға;

– Каталогтар, картотекалар мен оларды қолдану ережесі туралы ақпарат алуға;

– Кітапхана қорынан құжаттарды уақытша қолдануға алуға;

– Библиографиялық-ақпараттық қызметті, дәстүрлі және электронды іздеу аппараттарын қолдануға;

– Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қорымен, кітап көрмелерімен, басқа ресурстарымен танысуға;

– Электрондық оқулықтар мен электрондық ресурстарды оқу залдарында пайдалануға құқылы.

Пайдаланушылар міндеттері мен жауапкершіліктері:

– Кітапханалық-ақпараттық орталық пайдаланушылары  «Кітапханалық-ақпараттық орталығын  пайдалану ережесін» сақтауға міндетті;

– Кітапханалық-ақпараттық орталық кешені қорын  және интернетті  тек ғана ғылым және білім мақсатында пайдалану;

– Кітапханалық-ақпараттық орталық  қорынан алынған құжаттарға мұқият қарау, оларды белгіленген уақытта қайтару, кітаптарды кітапханашының рұқсатынсыз оқу залынан алып шығуға, кітапқа ешқандай белгілер, сызулар түсірмеу, кітап беттерін бүктемеу, каталогтан карточканы шығармауға міндетті;

– Әдебиеттерді алу үшін оқырман билетін ұсыну, әр басылым үшін пайдаланушы кітап формулярына қол қоюы қажет;

– Құжаттарды алу кезінде пайдаланушы оларды мұқият қарап шығып, ақауы болса, кітапханашыны хабардар етуі, ал кітапханашы оған сәйкесінше белгілер қоюы қажет;

– Кітапханалық-ақпараттық орталығын пайдалану ережесін бұзған, оған зиян келтірген пайдаланушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес материалдық жауапқа тартылады;

– Басылымды жоғалтқан пайдаланушы оны дәл осындай басылыммен немесе Кітапханалық-ақпараттық орталық соған тең деп тапқан басқа да басылыммен алмастырылады;

– Кітапханалық-ақпараттық орталығын  пайдалану ережесін бұзған пайдаланушы кітапхана кеңесі белгілеген уақытқа  пайдалану құқығын жоғалтады. Ол құқықтан айыру мерзімі әр құқық бұзушылыққа жеке белгіленеді;

– Жылдың басында (қаңтар) пайдаланушы абонементте қайта тіркелуден өтуі керек. Қайта тіркелу кезінде пайдаланушы қарызын өтеп, қолындағы әдебиеттерді қайта тіркейді. Қайта тіркелмеген пайдаланушыға қызмет көрсетілмейді;

– Пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталық залдарында тәртіп пен тыныштық сақтауы және ішкі тәртіп ережелеріне бағынуы керек;

Пайдаланушыға рұқсат етілмейді:

– Пайдаланушы өз оқырман билетін басқа пайдаланушыға пайдалануға беруге және басқа оқырманның билетін алып пайдалануға;

– Кітапханалық-ақпараттық орталыққа сырт киіммен кіруге;

– Кітапханалық-ақпараттық орталық бөлімдерінде тыныштық пен тәртіпті бұзуға;

– Кітапханалық-ақпараттық орталық бөлімдерінде ұялы телефон қолдануға;

– Рұқсатсыз Кітапханалық-ақпараттық орталық бөлімінен кітаптарды алып шығуға;

– Кітапханалық-ақпараттық орталық басылымдарына (оларға белгі салуға, парақтарын жыртуға, жиектерін бүгуге т.б.) зиян келтіруге;

– Картотекалар мен каталогтардан карточкаларды шығаруға;

– Кітап сақтау орындарына рұқсатсыз кіруге;

– Пайдаланушыға қоғамдық немесе коммерциялық мақсаттар үшін электронды кітапхананың материалдарын өзгертуге, таратуға, жариялауға.

Кітапханалық-ақпараттық орталық құқылы:

– Жоғары оқу орны кітапханасының мақсаты мен міндеттеріне сай кәсіптік қызмет мазмұнын өздері анықтауға;

– Кадр мәселесін реттеуге;

– Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мен технологиялық нұсқаулықтарды бекітуге;

– Кітапханалық-ақпараттық орталықтан алынған кітаптарды қайтарылуын тұрақты бақылауға алуға;

– Кітапханалық-ақпараттық орталығын пайдалану ережесін бұзған пайдаланушыларға айыппұл салуға;

– Пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрін кеңейту және егер оның негізгі қызметіне кедергі келтірмейтін болса, Кітапханалық-ақпараттық орталықты әлеуметтік-шығармашылық  дамыту мақсатында шаруашылық және экономикалық қызметті жүзеге асыруға;

– Басылымдарды қолға беру мерзімін анықтауға;

– Шетелдік, республикалық, қалалық кітапханалармен байланыс жасауға, кітапханалық іс-шараларға қатысуға, әлемдік кітапхана ісі теориясы мен іс-тәжірибесін оқып үйренуге;

– Қорды жинақтау көзін дербес анықтауға;

– Өз қорынан қолданыстағы нормативті және құқықтық актілерге сәйкес құжаттарды есептен шығаруға.

Кітапхананың жұмыс кестесі

Кітапхана күнделікті 9-00-18-00 дейін жұмы істейді, түскі үзіліс 13-00-14-00

Демалыс күні – сенбі, жексенбі және мейрам күндері.

Тазалық күні – әр айдың соңғы күні.