Баишев Университеті

Баишев Университеті

Короновирустық-эпидемилогиялық жағдайды тұрақтандыру

Қыркүйек айының 8-інде Баишев университетінде Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, еліміздегі короновирустық-эпидемилогиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстың бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин және «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-тың эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының және Ақтөбе қалалық №1, №5 аурухана дәрігерлерімен, университет оқытушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында дәрігерлер жастарға екпе алудың маңыздылығын ескертті, ал облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары студенттерге короновирустық инфекциясының таралуын алдын-алу үшін жеке тазалықты және санитарлық нормаларды сақтау бойынша ақпарат жазылған үнпарақтар таратты. Қосымша, еліміздегі бастау алған халық санағына қазан айына дейін онлайн түрде қатысып, толтыруға болатындығы жайында ақпараттандырды