Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау»

15 қаңтарда сағат 15:00-де Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау» тақырыбында университетіміздің барлық 2-курс білім алушыларының қатысуымен вебинар өтті. Вебинар барысында Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің директоры С.Жалмаганбетова, университет медбикесі Г.Маясарова сөз сөйледі.

Вебинардың мақсаты – коронавирустың алдын-алу бойынша ақпаратпен білім алушыларды қамтамасыз ету. Вебинар барысында білім алушылар коронавирустың алдын-алу тәсілдерін және вирустық жұқпаның таралуының негізгі жолдарын талқылады.

Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің директоры С.Жалмағанбетова салауатты өмір салтын ұстану, сонымен бірге дұрыс және құнарлы тамақтану, сақтану шараларын қатаң сақтау кез-келген жұқпалы вирустарға қарсы тұратын тосқауыл болатынын айтып өтті.