Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау»

20 қаңтарда сағат 15:00-де Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау» тақырыбында университетіміздің барлық 1-курс білім алушыларының қатысуымен вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты – коронавирустың алдын-алу бойынша ақпаратпен білім алушыларды қамтамасыз ету.

Вебинар барысында әлемдегі және Қазақстандағы аурушаңдықтың жағдайы, оның белгілері мен алдын алу шаралары туралы айтылды.

1-курс білім алушыларына университет медбикесі Г.Маясарова бетпердені  дұрыс кию, жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу және антисептиктерді қолдануды  түсіндірді