Баишев Университеті

Баишев Университеті

Келелі кездесу

«Рухани жаңғыру» институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мухтар Орынбасарұлы Миров қаламыздағы еңселі Ер Едіге ескерткішінде Маңғыстау облысынан келген Алтын Орда-Үш Қиян ғылыми экспедиция мүшелерімен кездесті. Кездесуге университетіміздің Құрметті профессоры ақтаңгер ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан, Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Қалинұр Болысов, Ер Едіге қоғамдық қорының төрағасы, қоғам қайраткері Ахат Мырзалин, Ақтөбе облысының мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, Есенов ат Ақтау Каспии инжиниринг университетінің докторанты, қаламгер Бақтыбай Жайлау, Батыс Қазақстан облысының арнайы өкілі, блогер Қуаныш Байбақты және т.б. азаматтар қатысты. Шара барысында Мұхтар Орынбасарұлы Рухани жаңғыру институтының Едігетану мәселелері бойынша игі істер және алдағы жоспарлар туралы баяндады.