Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Ауыл шаруашылық және Экология» кафедрасының мамандықтары

Мамандық атауы: 5В080100 – «Агрономия»

Біліктілік – «Агрономия» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры
Оқыту мерзімі – 4 жыл
Оқыту түрі – күндізгі
4 пән: Биология

       Мамандар жемісті еңбек ету мақсатында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану, өсімдіктердің өнімділігін арттыру әдістерін қолдану, жаңа сорттар шығару, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана алу, жан жақты білімді болу мен алған білімді іс жүзінде пайдалана білу бойынша дағдылар алуға тиісті. Біздің түлектер агробизнес пен Үкімет сатысының барлық деңгейлерінде, сонымен қатар шетелдік ауылшаруашылық фирмалары, Ауылшаруашылық министрлігі, өсімдік қорғау және карантин комитеті, өсімдік шаруашылығы профиліндегі барлық мекеме түрлеріне, элеваторлар мен зертханаларда қаржылы еңбек ете алады.

       Мамандық түрлері өте көп, бірақ қасиетті «нан» өндіру – ең мәртебелі де маңызды мамандық. Мамандықты үздік меңгеру үшін студенттер өсімдік шаруашылығы, егіншілік, ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы, мал азығын өндіру және өсімдіктерді қорғау сияқты пәндерден терең білім алады. Агрономдар оқу барысында егіншілік заңдары мен өсімдіктердің қоршаған сыртқы орта факторларына қоятын талаптарымен танысады. Алған білімдері агрономдарға жоғары өнім өсіруге және ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын шығаруға көмектеседі. Арнайы білім алған агрономдар басқа мамандық иелеріне қарағанда өсімдіктің дұрыс өсіп-жетілуіне не қажет екенін және топырақта қандай өзгерістер болып жатқанын жақсы түсінеді. Агроном – кең ауқымды мамандық, олар ауылшаруашылық мекемелерінен бастап, мемлекеттік құрылымдарға дейінгі агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларында еңбек ете алады.

Мамандық атауы: 5В120200 – «Ветеринариялық санитария»

Біліктілік –  Ветерианария саласының маманы
Оқу мерзімі: 5 жыл
Оқу түрі: күндізгі
4 пән: Биология

Білімін қолдану саласының қысқаша сипатамасы: 5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша «Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптамасы» білім беру бағдарламасы ветеринариялық қызметтің заңнамалық базасына енгізілген өзгерістерге, Еуразиялық Экономикалық Одақ және Қазақстан Республикасының Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына талпынысына, сонымен қатар, жұмыс берушілердің ұсыныстарына (басқарушы мемелекеттік ветеринариялық ұйымдар мен жеке-кәсіпкерлік ветеринариялық қызметтер) орай құрастырылды. Білім беру бағдарламасының басты мақсаты – қазіргі кезде өзекті болып отырған, биологиялық және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді зерттеу. Осы орайда білім беру бағдарламасының мазмұны ҚР ветеринариялық заңына және халықаралық ветеринариялық ұйымдардың (ХЭБ, ФАО, БДҰ т.б.) талаптары мен ұсыныстарына сәйкес білім мен практикалық машықтанулар алуға бағытталады.

Бағдарламаның мақсаты – «Малшаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитарлық сараптау» білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты нақтылы анық түрде болашаққа, яғни табысты түрде болашақ маманның тұлғалық және кәсіби қызметін жетілдіруге бағыттау. Бұл бағдарлама потенциалды жұмыс берушелердің талаптарын ескере отрып құрастырылған, оларға тағам өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау бойынша мамандар қажет.

Білім беру бағдарламасы түлектерге жануарлардың органдары мен ұшаларын, ет пен ет өнімдерінің, сүт пен сүт өнімдерінің, балық пен теңіз өнімдерінің, жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерінің, балдың, өсімдік өнімдерінің базарлардағы ветеринариялық зертханаларда ветеринариялық-санитарлық сараптау саласында қызмет атқаруына мүмкіндіктер беретін болады.

 «Малшаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитарлық сараптау» білім беру бағдарламасы Ұлттық квалификациялар шеңбері мен кәсіптік стандарттарға сәйкес құрастырылған және Дублиндескрипторларымен, Еуропалық квалификациялар шеңберімен келісілген. Бұл бағдарлама пәндерді оқудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған және жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктер құрайтын 19 модульдан тұрады. Осы мамандық аясында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламасының мазмұнын Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты айқындап, бекітеді. Оқу жоспарына қатысты элективтік пәндер каталогы құрастырылады, ол элективтік оқу пәндерін альтернативті таңдау мүмкіндігін береді.

Мамандық атауы: 5В060800 – «Экология»

Біліктілік – «Экология» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры
Оқыту мерзімі – 4 жыл
Оқыту түрі – күндізгі
4 пән: Биология