Баишев Университеті

Баишев Университеті

Кафедра жетістіктері

29.11.2019ж. Облыс әкімі О. Оразалин «Ауыл шаруашылық және экология» кафедрасының аға оқытушысы Айжарықов Түрікпенбай Жұбанұлын «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен наградтады.

«Ауылшаруашылық ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, кафедраның аға оқытушылары Т.Ж. Айжарықов және С.Д. Зармановты «Құрметті  ардагер» төс белгісімен наградтады.

Облыстық республикалық және халықаралық жарыстарға Ақтөбе облысының намысын қорғаған дарынды балаларды дайындағаны үшін Баишев университетінің аға оқытушысы Калыбекова Жанар Турумовнаға облыс әкімі О. Оразалиннің алғыс хаты табысталды.

«Ауыл шаруашылығы және экология» кафедрасы Д.Т. Утеулиеваға «Ақтөбе облысының экология департаменті» ММ бастығы Ж.Иманқұловтан жас ұрпақтың экологиялық дүниетанымын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін. алғыс хат берілді.

2018 жылы Утеулиева Дамели Танатаровна Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды

Калыбекова Ж. Т.-басқа ғалымдармен бірге селекциялық жұмыстарға қатысып, нәтижесінде жаздық жұмсақ бидайдың «Степная 100» жаңа сорты құрылды. ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК берген автор куәлігі – № 4484 және патент – № 882.

Баишев университетінің 25 жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына және Қазақстан ғылым қызметкерлері күніне арналған ғылым декадасы және «Білім және ғылым: қазіргі заман көзқарасы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VI Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық коференциясы аясында «Ең үздік өткізілген ғылыми іс-шара» байқауында I орынға ие болғаны үшін «Ауыл шаруашылық және экология» кафедрасы марапатталды.

«Ауыл шаруашылық және экология кафедрасының» аға оқытушы, т.ғ.к. Дадин Ақылбек Дәдеұлы 12.02.2021ж. «Ресей Ислам институтының» жеке меншік жоғары   оқу орнынан Ислам теологиясы бағыты бойынша «Қазақ жеріндегі Ислам: тәңіршіліктен монотеизмге дейінгі діни тәжірибе дәстүрлері» («Ислам на казахской земле: традиций религиозного опыта от тенгрианства к единобожию») тақырыбындағы біліктілік жұмысын сәтті қорғап шықты. Білім алу барысында оның «Қырық парыздың баяны» және «Аңызға айналмаған ақиқат» атты кітаптары жарыққа шықты.