Баишев Университеті

Баишев Университеті

Кафедра жетістіктері

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы Изтлеуова Саманта Шекернайқызы Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары-2020» байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылып, «Үздік педагог-2020» төсбелгісімен марапатталды.Кафедра ұжымы атынан сізге кәсіби жетістіктер және шығармашылық табыс тілейміз.

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Сейтенова С.С.,п.ғ.к.,профессор «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Халықаралық КАНКОРД академиясының корреспондент мүшесі. Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері Баишев университетінің ұжымы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к.,профессор Сейтенова Салима Сағынқызын Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының АКАДЕМИГІ болып сайлануымен құттықтайды!

Құрметті Салима Сағынқызы! Университет ұжымы сізді мақтан тұтады. Ел болашағы мен Отанымызды көркейту жолындағы педагогикалық қызметіңізге абырой, мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз! Университеттегі еңбектеріңіз жемісті болып, профессор-оқытушылар мен студенттердің арасындағы абырой-беделіңіз арта берсін!

Баишев университетінің 25 жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Ғылым қызметкерлері күніне арналған ғылым декадасы және «Білім және ғылым: қазіргі заман көзқарасы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VI Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Ең үздік ғылыми іс-шара ұйымдастырушы» байқауында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасы III орынға иеленді.