Баишев Университеті

Баишев Университеті

Құқық және жалпы білім беру​

5  тамыз 2020 жылы Республикалық медиация күніне орай  тарих беттерінде өшпес аты қалған, тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеген дана, көрген бабаларымыздың бітімгершілік  саясаты тәуелсіз елімізде жаңа  серпінмен қайта жаңғырды.

Осы орайда,  елеміздің ынтымағы  мен бірлігін сақтауға, туындаған дауды өршітпей, оңтайлы  шешімін табуға үлес қосып жүрген азаматы Сагиева Галия Кадырбаевнаны атаулы мерекесімен құттықтай отырып, Ақтөбе облысы  Қазақстан  халқы Ассамблеясы атынан Алғыс хатымен марапаттады.

28 ақпан 2020 жылы  Баишев университетінде өткізілген «Жаңартылған білім беру: ЖОО мен орта мектеп тәжірибесі» атты республикалық ғылыми – практикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін  Сагиева Галия Кадырбаевна Алғыс хатпен марапатталды.

Құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент Сагиева Галия Кадырбаевна адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150 жылдығына арналған V Халықаралық ғылыми – практикалық конференция жұмысына белсенді қатысқаны үшін және тиісті кәсіби деңгейде ғылым онкүндігі аясында ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде II орын алғаны үшін грамотамен марапатталды.