2020 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген зерттеулер негізінде Баишев Университеті 6B07211 – «Мұнай-газ ісі» және 6B07221 – «Тау кен ісі» Білім беру бағдарламаларының (БББ) түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО рейтингінде 4-орынға ие болды. 6B07231 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» БББ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО рейтингінде 6-орынға ие болды. Ақпарат келесі веб-сайтта орналастырылған: https://atameken.kz/kz/university_ratings
Біздің кафедра шеңберінде зерттеу нәтижелері келесідей:
Оқу бағдарламасы | Орташа жалақы (теңгемен) | Жұмыспен қамту деңгейі, % |
6B07231 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау | 248 528,39 | 100 |
6B07211 – Мұнай газ ісі | 274 511,59 | 80,3 |
6B07221 – Тау кен ісі | 306 540,91 | 88,9 |
2016 жылы геология, мұнай-газ және тау-кен ісі кафедрасының доценті, т.ғ.к., Сұлтамұрат Г.И. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері атанды.
Кафедрамыздың студенттері жыл сайын республикалық және халықаралық олимпиадаларға, конференциялар мен жарыстарға белсенді қатысады, оның ішінде студенттердің республикалық жұмыстар байқауына (СҒЗЖ конкурсы).
+7 (7132) 97 40 83
info@bu.edu.kz
© 2021 Барлық құқықтар қорғалған
© Баишев Университеті, 2021
Қазақстан, Ақтобе, Ағайынды Жубановтар көшесі, 302а