Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Ауыл шаруашылық және Экология» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедраның оқу – әдістемелік семинар жұмысы мынадай 4 бағытта жүргізіледі:

      1) Үш тілде білім берудің өзекті мәселелері
      2) Жоғары оқу орнында замануи білім беру технологияларын қолдану
      3) Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда іс-тәжірибенің орны
      4) Студенттердің танымдық белсенділігін дамыту жолдары

Кафедра студенттері көптеген шараларға қатысады, соның ішінде спорттық шаралар, дебаттар және т.б. 

«Агрономия», «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша 23 міндетті, 38 таңдау компоненті оқытылады. Осы аталған пәндерден пәндердің оқу әдістемелік кешені жасалынуда.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы оқу – әдістемелік әдебиеттер, оқу құралдар шығарды. Биолгия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утеулиева Д.Т. «Өсімдік жамылғысының өнімділігі», «Орта жағдайындағы индикатор өсімдіктер» оқу құралдарын, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Буктыбаева А.Б. «Растениеводство» пәнінен әдістемелік нұсқау шығарды және «Экология растений» лекция жинағын шығарды. ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Алманов Ж.Т. «Общая экология» кітапшасын шығарды.

Кредиттік технология және қашықтан оқыту аясының ерекшеліктері бойынша кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы мамандықтар бойынша контингентті оқу–әдістемелік  әдебиеттермен (электрондық)  қамтамасыз етіп отырады.

«Ауыл шаруашылық және Экология» кафедрасы бойынша Тәрбие жұмысына жауапты ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Алманов Ж.Т. Кафедрада оқу жылының басында бекітілген куратор-эдвайзерлер өздеріне бекітілген топтармен жұмыс жасайды. Топтағы тәрбие жұмысының мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілетін дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптастыру:

       1. Топтағы эмоционалдық және психологиялық қолайлы жағдайын жасау.

       2. Жеке тұлға ретінде студенттердің интеллектуалдық, эстетикалық және физикалық қабілеттерін дамыту бағытында жағдай жасау, ата–анаға, үлкендерге деген кішіпейілдікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Куратор-эдвайзерлер өз топтарында кураторлық сабақтарын өткізіп, баяндамалар оқылып, слайд-презентациялар көрсетіледі.

30.09.2019ж. күні  «Бизнес және құқық» факультеті ішілік әдістемелік ашық сабақтар сайысы өтті. Сайыс нәтижесі бойынша келесі оқытушылар жүлделі орындарға ие болды: кафедра аға оқытушысы, а.ш.ғ.к. Алманов Ж.Т. Агрономия саласындағы жаңа технологияларды пайдалану мақсатында: «Машины и орудия предназначенные для подготовки почв, в том числе инностранные машины» тақырыбына ашық сабақ өткізіп Гран-при иеленді

І-ші орын «Мал шаруашылығының өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау»  пәніне Видео – дәрісі үшін кафедраның аға оқытушысы А.Н. Масабаеваға берілді.

«Экологиялық аудит» пәнінен ұсынылған «Дәріс- презентация» әдістемелік жұмысы үшін кафедраның аға оқытушысы Қожабергенова А.Б. ІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды