Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Заманауи педагог-тәрбиеші даярлау: теориядан практикаға» атты республикалық (онлайн) семинар өтті.

2021 жылдың 21 қаңтар күні Баишев университеті және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Заманауи педагог-тәрбиеші даярлау: теориядан практикаға» атты республикалық (онлайн) семинар өтті. Семинарға республиканың алдыңғы қатарлы бірнеше оқу орындарынан қатысқан белгілі ғалымдармен бірге «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі Изтлеуова Саманта Шекернаевна қатысып, «Мектеп жасына дейінгі балалардың креативтілігін арттыру жолдары» тақырыбында баяндама оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарда мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің өзекті проблемалары талқыланып, білім беру сапасын жақсарту бағытындағы көптеген ұсыныстар айтылды.