Баишев Университеті

Баишев Университеті

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Сейтенова С.С.,п.ғ.к.,профессор «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Халықаралық КАНКОРД академиясының корреспондент мүшесі. Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері Баишев университетінің ұжымы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к.,профессор Сейтенова Салима Сағынқызын Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының АКАДЕМИГІ болып сайлануымен құттықтайды!

Құрметті Салима Сағынқызы! Университет ұжымы сізді мақтан тұтады. Ел болашағы мен Отанымызды көркейту жолындағы педагогикалық қызметіңізге абырой, мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз! Университеттегі еңбектеріңіз жемісті болып, профессор-оқытушылар мен студенттердің арасындағы абырой-беделіңіз арта берсін!