Баишев Университеті

Баишев Университеті

Жоғары білім саласындағы парасаттылық: Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорларының Форумы

2021 жылғы 5 наурызда Баишев Университеті ректоры Б.Ғ. Ташмухамбетов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ұйымдастырған Жоғары білім беру саласындағы парасаттылық тақырыбындағы Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорларының Форумына қатысты.

Форум жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтаир Ахметов, ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Мирас Дәуленов, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы Елші Дьердь Сабо, сондай-ақ Қазақстанның 50-ден астам университеттерінің ректорлары қатысты.