Жиі қойылатын сұрақтар

Қашықтан оқыту технологиясы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап.

Қашықтан оқыту (ҚО) – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың  құралдары мен түрлері, білім беруде  қызмет көрсетудің маркетингтік көзқарастарын кеңінен қолданатын ғылыми-технологиялық революцияның жоғары технологиялық өнімі. Бүгінгі таңда Қашықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп турған  студенттер мен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады.  Оқыту корпоративтік желіде, Интернет желісінде, электрондық пошта арқылы және басқа заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Қашықтан оқыту жүйесі дербес компьютер (ДК) көмегімен және интернетке шығу арқылы қажетті дағдылар мен жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Компьютердің орналасқан жері маңызды емес, сондықтан сіз үйде, жұмыс орнында, онлайн-кафеде немесе Интернет байланысы бар және жоқ жерде кез-келген басқа жерде айланысы  аласыз.  Бұл дәстүрлі оқу формалары алдында ҚО-дың басты артықшылығы.

ҚО – өте икемді жүйе, ол барлық оқу үрдісіне қатысушыларғы  (оқу орнының әкімшілігі мен оқытушыларына, студенттер, оқытушыларға) сабақты қолайлы уақытта таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ҚО-ның пайдасының екінші маңызды дәлелі.

    • дербес компьютердің, ноутбуктың, планшеттің немесе смартфонның болуы;
    • камера мен құлаққаптардың болуы;
    • интернет желісіне кіру мүмкіндігі;
    • «Platonus» ААЖ қолжетімділік (өзекті логин және пароль).

Білім берудің жоғары мектебінің поштасы: a.shyntaeva@ausb.kz

Инженерия жоғары мектебінің поштасы: g.zulkasheva@ausb.kz

Бизнес және құқық жоғары мектебінің поштасы: sh.kulyntai@ausb.kz

Білім беру қызметін ақылы негізде көрсету келісім шарты бойынша бірінші жартыжылдықтың төлемақысын 20 қыркүйекке дейін, екінші жартыжылдықтың төлемақысын 1 ақпанға дейін төлеу қажет. Алайда, студенттің әлеуметтік жағдайына байланысты немесе басқа ерекше жағдайларда оқу төлемақысын төлеу реті Қашықтан оқыту  жоғары мектеп декандарының  рұқсатымен өзгерту мүмкіндігі бар. Ол жоғары мектеп декандарының атына өтініш жазу керек.

Ережеге сәйкес академиялық демалыс ер балаларға әскери қызметке шақырылуына байланысты, ұзақ емделуді қажет ететін қатты ауруға шалдыққан (кенеттен  апатқа ұшырау т.б. ) немесе 2-жасқа дейінгі баланы асырап алған жағдайда беріледі. Ол үшін әскерге шақырылған азаматтың растайтын құжаты, ауырған азаматтың  6-12 айға дейін  ұзақ мерзімдік ем қабылдауы қажет деген  ДКК анықтамасы және бала асырап алғандығы жайлы құжаты  тіркеліп, ректордың атына өтініш жазылуы тиіс.

Университеттің біліктілігі жоғары, ғылыми – педагогикалық тәжрибесі мол профессор – оқытушылары.

Жеңілдік бойынша төмендегі ЖМ-ке хабарласуыңызға болады.

Білім берудің жоғары мектебі: 8(705) 475 97 41

Инженерия жоғары мектебі: 8(705) 381 58 09

Бизнес және құқық жоғары мектебі: 8(775) 678 53 01